ҰЛЫ ӘКЕМ А.ҚОСБҮРКІТТІҢ СҮЙКТІ АТЫ ТУРАЛЫ ЖЫРЫ: ТЕҢБIЛ АТ
Өлгейден ерте шықтым Тұлба жаққа,
Көңілсіз демалысқа ауыл жаққа,
Үйіне ағайындардың барайын деп,
Жазайын аз әңгіме қалам хатқа.
Жетуге Тұлба көлге көлік тиым,
Туыс жоқ туған елдің бәрі жиын,
Дер кезінде жетер көлік табылар ма,
Қолда жоқтың сол кезде бәрі қиын.
Кез келді туған құдам Әлихан да,
Бір басын бағалаймын патша ханға,
Желіп тұр қазақ салтын ғұрып заңға.
Құдеке жүрсің бе сен есен аман,
...